Бас тақырып | Тема дняСаясат | Политика

Мемлекеттік ту көтерілді: Елорда күнін тойлау басталды

Қазақстанда 6 шілдеде Елорда күні аталып өтеді. Биыл Нұр-Сұлтан қаласына 21 жыл толды. Елордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұр-Сұлтан орталығында көтерілген мемлекеттік ту Елорда күнін атап өту шараларының басталғанын білдіреді.

“Егемен еліміздің бейбіт аспанында желбіреген көк туымыз – бүгінгі күннің баға жетпес байлығы. “Туған жерге туыңды тік” деген даналықтың мән-мағынасы осында. Себебі біз қасиетті топырағын қадір тұтатын, туын әрқашан биік ұстайтын елміз. Елорда күні қарсаңында салтанатты ту көтеру рәсімі өздерің сияқты ел қорғаны болатын азаматтардың алдында өтіп жатыр”, – деді Тоқаев өз сөзінде.

Президенттің айтуынша, бұл аға ұрпақтың жастарға зор үміт артатынын көрсетеді. Осы орайда Тоқаев Елбасының бас қаланы салудағы еңбегін атап өтті.

“Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төл туындысы – елордамыз халқымыздың жарқын болашаққа деген ұмтылысын айқындайды. Бас қаламыз – “бір ел, бір халық” болып жұмылған еліміздің жүрегі. Ел астанасы бүгінде халықаралық жиындар өтетін аса маңызды геосаяси орталыққа айналды. ЮНЕСКО ұйымы елордамызды “бейбітшілік қаласы” деп атады. Ел астанасының қазіргі даму қарқыны айрықша. Бұл – ең алдымен Елбасымыздың теңдессіз еңбегі, дана халқымыздың ынтымақ бірлігінің арқасы. Біз қаланың беделін одан әрі арттыра береміз”, – деді Тоқаев.

Сонымен қатар шара барысында мемлекет басшысы еліміздегі әскери жоғарғы оқу орындарын бітірген курсанттарға әскери шендер мен атақтарды тапсырды.

“Бүгін – сіздер үшін өте маңызды, ешқашан ұмтылмайтын күн. Барлығыңызға офицер шені беріледі. Әскери оқу орындарында алған білімдеріңізді отанымыздың тәуелсіздігін сақтауға жұмсайтын кез келді. Нағыз сардар елдің мықты қорғаны болуы тиіс”, – деді ол.

Үш күн тойланатын мереке барысында шаһар тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени іс-шаралар өтеді.

Сонымен қатар шара барысында мемлекет басшысы еліміздегі әскери жоғары оқу орындарын бітірген курсанттарға әскери шендер мен атақтар тапсырды.

3 күн тойланатын мереке барысында шаһар тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени іс-шаралар өтеді.

Комментарий