Жаңалықтар | Новости

Жеке құрам Тәуелсіздікті орнықтыру жолында ҚАЖ саласында еңбек еткен ардагермен кездесті

ЗК-169/1 тергеу изоляторында мекеменің кадр саясат тобының ұйымдастырумен «Тәуелсіздік тарландары» тақырыбы аясында кездесу өтті.

Бұл кездесуге ,Тәуелсіз мемлекетіміздің дамуына, өзіндік үлесін қосқан, соның ішінде ҚАЖ саласына ерен еңбегі сіңген отставкадағы подполковник Баймаханов Тұрсынбай Үдербайұлы арнайы шақыртылды.

Кезесудің басты мақсаты: Тәуелсіздікті орнықтыру жолында, ел қауіпсіздігін қорғап, қарқынды еңбек еткен қайраткердің өмір үлгісін насихаттау және жеке құрам бойында отаншылдық қасиетін арттыру болып табылады.

Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуы үшін, елім деп еміреніп еңбек еткен аптал азамат, егемендіктің елең-алаңындағы, тергеу изоляторы жұмысының қыйындығы мен бастан кешкен түрлі кезеңдер жайлы кеңінен әңгімелеп берді.

Сондай-ақ, әңгіме барысында, бүгінгі заманауи ғимараттың пайдалануға берілуіне ат салысқан замандастарының атын атап, олардың да, өнегелі өмірін тілге тиек етіп, мағыналы әңгіме арқауын өрбітті. Жас мамандарды отанға адал қызмет етуге, тәуелсіздігіміздің баянды болуы жолында, жұмыла жұмыс жасауға және бұл қызметтерінде табанды болуға шақырды.

Тағлымды әңгімені қызыға тыңдаған, жеке құрам, тәжірибесі мол ардагерге, көкейіндегі сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Кездесу өз мақсатына жетті.

Комментарий