Жаңалықтар | Новости

Жасөспірімдерді суицид жасауға қандай себептер итермелейді? ІІМ жауабы

2021 жылы Қазақстанда 248 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ басшысы жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін себептерді атады. Жалғыз болуына байланысты – 12 пайыз, достарымен қарым-қатынасының бұзылуына байланысты – 10 пайыз, білім беру ұйымындағы келеңісіздіктерге, қаржылық жағдайына байланысты – 3 пайыз және әр үшінші жағдай туыстарымен болатын жанжалдарға байланысты тіркеледі.

“Биыл өзін-өзі өлтіруге әрекеттенген 248 жағдай тіркелді. 164 кәмелетке толмаған бала құтқарылды. Өкінішке қарай, 84 адам қайтыс болды”, – деді Тұрғымбаев.

Комментарий