Жаңалықтар | Новости

Тәуелсіздік жылдары қанша қазақстандық көшіп кеткені анықталды

Тәуелсіздік жылдары Қазақстаннан 4,2 миллион адам кетіп қалған. Бұл туралы Atameken Business телеарнасының “Точка зрения” бағдарламасында айтылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтардың көбі Еуропа елдеріне кеткен – 4,1 миллион адам. Оның 2,5 миллион Ресейге көшіп кеткен. Бір миллионнан аса адам Германияда тұрып жатыр. Украинада 225 мың қазақстандық болса, Беларусьте 70 мың, Грекияда 27 мың, Чехияда 8 мың және 7 мыңы Польшада.

Азияға 75 мың қазақстандық кеткен. Оның көбі Түрікменстанға көшкен – 20 мың адам. ИзраильӨзбекстан мен Қырғызстанға 13 мың адамнан кеткен. Жеті мыңы Түркияда тұрып жатыр.

Сонымен қатар, 50 мың адам Солтүстік Америкаға кеткен. Оның 36 мыңы АҚШ-қа кетсе,  Канадаға 13 мың қазақстандық көшіп кеткен.

Африкада тұратын қазақстандықтар да бар. Оның ішінде, ең үлкен диаспора Малиде – 2 мың адам. Тағы мыңға жуық қазақстандық Ливияда тұрып жатыр.

Комментарий