Жаңалықтар | Новости

Дудьтің үстінен іс қозғалды

Ресейлік журналист Юрий Дудьтің үсітнен әкімшілік іс қозғалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Агенттік мәліметі бойынша, істің сотта қаралатын уақыты әлі нақтыланбаған. Блогерге бір жарым миллион рубльге дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Дудьтің бағдарламаларын тексеру туралы өтінішті полицияға “Лига безопасного интернета” ұйымы түсірген. Сарапшылар оның екі сұхбатында есірткіні насихаттау болғанын айтады: блогер Иван Гай және рэп-орындаушы Моргенштерн.

Айта кетейік, жақында Моргенштерн де осындай іске қатысты болған еді. Сот оның екі әнінде есірткіні насихаттау бар деп шешіп, Моргенштернге жүз мың рубль айыппұл салған еді.

Комментарий