Судья мінбері | Судебная система

Мемлекеттік бажды төлеу міндетті

Мемлекеттік баж көп жағдайда мемлекет көрсететін қызметтерді алуда немесе сот ісін жүргізуге қатысуда алынады. Кей азаматтар алымның бұл түрінен сотқа жүгінген уақытта ғана хабардар болып жатады.  Сондықтан, мемлекеттік баж туралы халықты құлағдар еткен артық болмас. Жалпы бұл заңмен белгіленген, әр түрлі инстанцияларға жүгіну кезінде алынатын салықтың ерекше формасы. Айта кетерлігі, заңға сай, кейбір адамдар оны төлеуден босатылған. Бұл туралы заңдылықтар ҚР Азаматтық процестік және Салық кодекстерімен айқындалған. Тағы бір айта кетерлігі, өтініш түріне байланысты мемлекеттік баж төлем мөлшері өзгереді.

Осы тұрғыда қысқа айтып өтсек, мүліктік сипаттағы талап арыздар үшін жеке тұлғалардан талап қою сомасының 1, заңды тұлғалардан 3 пайызы алынады. Бұған қоса  жеке тұлғалар құқықтарына шек қоятын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың шешімдеріне берілетін шағымдарға 0,3 айлық есептік көрсеткіш, заңды тұлғалардың құқықтарын шектейтін заңсыз шешімдерге 5 АЕК белгіленген. Тексеру актілері немесе көлденең бақылау нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдануға қатысты өтініштерде жеке кәсіпкерлер мен шаруа, фермер қожалықтары үшін кедендік және бюджетке төленетін төлемдердің өсімпұлдарын қоса алғанда даулы соманың 0,1 пайызы, бірақ, ол 500 АЕК-тан аспауы тиіс. Заңды тұлғаларға дәл осы жағдайда 1 пайыз, алайда, ол 20 мың АЕК-тан артпуйы керек. Айта кетерлігі,  2021 жылы 1 АЕК – 2917 теңгеге тең болды. Мемлекеттік баж ҚР Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодекске сай, төленуге тиіс. Төрелік шешімдердің күшін жою мәселелері бойынша анықтамаларға кассациялық тәртіппен сот актілерін қайта қарау туралы және төреліктің және шетелдік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындатуға атқару парақтарын беруге, мүліктік емес және мүліктік сипаттағы даулар бойынша соттардың шешімдері мен қаулыларын қайта қарау туралы өтініштерден мұндай даулар бойынша талап арыз берген кезде жоғарыда белгіленген тиісті мемлекеттік баж мөлшерлемесінің 50 % мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

Салық кодексінің 623-бабының 1,2-тармақтарына сәйкес мемлекеттік баж соттар қарайтын істер бойынша ҚР Азаматтық процестік кодексінің 106-бабының үшінші бөлігінде көзделген істерді қоспағанда, тиісті өтініш (шағым) немесе сот бұйрығын шығару туралы арыз берілгенге дейін, сондай-ақ, сот құжаттардың көшірмелерін берген кезде төленеді.  Салық кодексінің 608-бабына орай, мемлекеттік баж төлеушілер уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды тұлғаларға заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасауға қатысты жүгінетін тұлғалар болып табылады. Заңды тұлға өз шешімімен тиісті уәкілетті органдар осындай құрылымдық бөлімшенің мүддесі үшін заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасаған кезде өзінің құрылымдық бөлімшесіне мемлекеттік баж сомаларын төлеу жөніндегі міндетті жүктеуге құқылы.

Егер сотта іс жүргізуді төлеу қажет болса, мерзімдер сот отырысының уақытына байланысты болады. Бұл Конституциялық Сот болса, онда төлем талап қоюдан бұрын төленуі керек. Жалпы маңызы бар соттарда төлем 10 күн ішінде жүзеге асырылады, оған іс бойынша шешім қабылданған күн кіреді.

Жанар Ибрагимова,

Алматы облыстық мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Комментарий