Жаңалықтар | Новости

Белгілі вирусолог вирусқа қарсы өзі даярлаған вакцинаны салдырса да коронавирус жұқтырды

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің халықаралық вакцина орталығының басшысы Қайсар Табынов өзі даярлаған вирусқа қарсы екі вакцина салдырса да коронавирус жұқтырды. Бұл туралы оқу ордасының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Жақында ғана ғылым және инновация аталымында топ жарып, Қазақстанның 100 жаңа есіміне енген вирусолог Қайсар Табынов өзінің вирус жұқтырғаны жайлы отандық БАҚ өкілдеріне хабарлады.

Сөзінше, бұл вирустың британдық штаммы, ал өзінің қабылдаған вакцинасы Ухань штаммына қарсы екпе болған.

Екі штаммның арасында кәдімгідей айырмашылық бар. Бірақ вакцина мені сонда да қорғауы керек еді. Мұнда төрт фактор бар: біріншіден, вакцинаның өзекті құрамы болуы керек еді, екіншіден, он ай уақыт өтіп кетті, ал бұл көп уақыт. Үшіншіден, бұл вирустың мутациясы. Төртіншіден, бұл стресстік фактор», деп түсіндірді Қ.Табынов.

https://youtu.be/JyLaojCRBxk

Комментарий