Жаңалықтар | Новости

Коронавирус жұқтырғандар саны еселеп азайды – Цой

ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Цой Үкімет отырысында елдегі эпиджағдайға баға беріп, соңғы көрсеткіштердің қандай екенін айтты.

“Коронавирус таралуы бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 221 елдің ішінде 105-орында тұр, ал қайтыс болғандар саны жағынан 111-орында. 2021 жылдың 10 маусымындағы жағдай бойынша, елімізде COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны – 397 976 адам. Қазақстан 6 маусымнан бері “жасыл” аймақта. Еліміз бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ғана “қызыл” аймақта тұр”, – деді Цой.

Министрдің айтуынша, республика бойынша коронавирус жұқтыру деңгейі төмендеп келеді.

“Соңғы бір аптаның ішінде тіркелген жағдайлар көрсеткіші 11 мыңнан 8 мыңға дейін немесе өткен аптамен салыстырғанда 1,3 есеге түсті. Сонымен қатар, мамырдың басынан бері ауру жұқтыру деректері 2,1 есеге азайды. Инфекциялық төсек-орындардың толымдығы – 24 пайыз, жансақтау төсек-орындарының 21 пайызы толық. Вакцина 3,6 миллион адамға салынды, оның ішінде бірінші доза – 2,37 миллион адамға, екінші доза 1,26 миллион адамға салынды және егу пунктерінде вакциналар жеткілікті деңгейде бар”, – деді министр.

Цойдың мәліметтері бойынша, Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді, республика “сарыдан” “жасыл” аймаққа өтті және эпиджағдай оптимистік болжам бойынша өтіп жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанда кейінгі тәулікте 1144 адамнан коронавирус анықталған болатын.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 222, Алматы қаласы – 126, Шымкент қаласы – 58, Ақмола облысы – 48, Ақтөбе облысы – 30, Алматы облысы – 64, Атырау облысы – 69, Шығыс Қазақстан облысы – 79, Жамбыл облысы – 32, Батыс Қазақстан облысы – 89, Қарағанды облысы – 160, Қостанай облысы – 35, Қызылорда облысы – 10, Маңғыстау облысы – 45, Павлодар облысы – 41, Солтүстік Қазақстан облысы – 17, Түркістан облысы – 19.

Комментарий