Жаңалықтар | Новости

Тергеу изоляторынан тәлімді тәжірбие жинақтаған курсанттар, мекеме қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Әр сала қызметінің өзіндік талабы мен тәртібі болады. Соның ішінде темірдей қатаң заңға бағынған тергеу изоляторындағы тәртіп пен талап аса зор . Жұмысы тым қауырт, жүктелілер міндет маңызды. Күшейтілген режим кезінде, уақытпен санаспай, ерте келіп, кеш қайту деген тағы бар. Бастысы бұл жер, қоғамға қауіп төндірер , ел заңына бағынбаған «тентектерді» жөнге салар қауіпсіздігі аралас мекеме.

Міне, осындай қарбалас шақтың қыйындығын көзімен көріп, басынан өткерген курсанттар, ЗК-169/1 тергеу изоляторында оқу-іс тәжірбиесінен өтті.

Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қос курсанты Әділет Айтмұрат пен Наргиз Қаржаубай 5 ай мекемеде тәжірибие жинақтап, ҚАЖ саласы жұмысының қыр-сырына қанықты. Бұл екі жасқа келген бойда мекеменің кадр саясат тобы түсіндірме жұмысын жүргізіп, тәлімгер бекітті.

-Маған тәлімгер болып бекітілген әділет майоры, РжКБ-нің бастығы Мұрат Смағұловтан басқа да, әділет лейтенанты М.Сауранбай және әділет капитаны М.Досанов сияқты тәжірибиелі қызметкерлерден көп ақыл кеңестер алдым. Режим бөлімінің қыйындығын көзбен көріп, санаға салмақ салар психологиялық қауырт шақтарды да бастан кештім. Мекеме қамауына түскендерді алып жүру кезіндегі қозғалыс тәртібін, олармен дұрыс қарым-қатынас орната білу, дистанция аралық тілдесу тәртібін сақтау керек екендігі жайында да, білдім. Сонымен қатар, тінту жүргізу кезінде және сәлем-сауқаттың тергеудегілерге жеткізілу барысында, тыйым салынған заттардың ішке өтіп кетпеуі үшін әрдайым сауысқандай сақ, қырандай қырағы болу керек екендігін ойға түйдім.

Теориялық біліміміз, тек кітаптың мұқабасын қызықтағандай болса, тәжірбие деген қылмыс саласының қара қазанын қайнау екенін ұқтым –деген ойымен бөлісті бізге болашақ ҚАЖ қызметкері.

Ал, екінші бір жас курсант, Қаржаубай Наргиз Маханбетқызы іс-тәжірбиесін кадр бөлімінде өткізді. Бұл қызға тәлімгер ретінде, мекеменің кадр саясат тобының аға инспекторы әділет аға лейтенанты Шахи Динара бекітілді. Жеке құраммен тікелей жұмыс жасайтын аға инспектордың қасында болып, штаб жұмыстарының машақатын көзімен көрді. Соның ішінде, қызметкерлердің жеке құжаттарын толтыру, денсаулығына

байланысты еңбекке жарамсыздық парағын тіркеу, құжаттарды архивке дайындау және басқа да құжаттаттар бойынша жұмыс жасауды үйренді.

-Мекеменің штаб бөлім қызметкерлерінен көп іс-тәжірибие жинақтадым. Бұл ұжымның ауызбірлігі, қызметтеріне адалдығы мен жауапкершілікпен қарайтындығы және жұмыстарының қауырттығына қарамай, отбасы беріктігіне аса мән беріп жүретіндіктері тәнті етті.

Әсіресе, әртүрлі іс-шаралар ұйымдастыру барысында ұжым қызметкерлері белсене қатысып, ұйымшылдық танытып отыратындықтары ұнады.

Мекеме қызметкерлерінің әрқайсысысының үлгі-өнегеге толы азаматтық тұлғасы, алдағы өмірімде, менің осы салаға жұмысқа келуіме ынталандырып, ҚАЖ қызметкері болуыма деген арманымды ұштап, берік сенімімді арттырды. Оның үстіне, әкем, Игінбаев Махамбет Қаржаубайұлы осы мекемеде 20 жылға жуық қызмет атқарып, прапорщик шенімен зейнетке шыққан болатын. Әкемнің ізін жалғау және де, өзімнің осы сала маманы болуға деген арман талабымды орындауға деген мақсатыма, осы іс-тәжірибие барысында құлшынысым артты. Сол үшін мекеме қызметкерлеріне алғысымды білдіремін,-деді курсант Наргиз Махамбетқызы.

Ия, мемлекетіміздегі азаматтардың қауіпсіздігі жолында уақытпен санаспай, қажыр-қайратын жұмсап, ел игілігіне еңбек етіп жүрген ҚАЖ қызметкерлеріне нендей алғыс айтсақ та, артық болмас.

Комментарий