Жаңалықтар | Новости

Бұрын намаз да оқыдым, ораза да ұстадым — Ая есімді қазақстандық трансгендер

Ая есімді қазақстандық трансгендер туыстарынан кешірім сұрады. Түркістан облысының тумасы ешқандай отасыз жігіттен қызға айналғанын айтқан еді. Жалғыз қалған ол жақындарын сағынғанын айтып жылады.

Бұл туралы Ая Мұхит Сапарбаевпен болған сұхбатында айтты, деп жазады stan.kz.

Аяның айтуынша, ол 9 ай бұрын ғана жігіт болған. Алайда ұзақ ойдан кейін қыз болуға шешім қабылдаған. Себебі зорлыққа түскен жасөспірім шағында психологиялық өзгерістер болған. Трансгендерлерге еліктеушілік байқалған. Үш жыл бойы өзінің не қыз, не жігіт екенін білмей келген екен. Отбасы оның таңдауын қолдағанымен, туған ауылынан жыраққа кеткен.

«Мені нағашыларым зорлап кеткен соң ұзақ ойландым. Жақындарыма айта алмадым. Бауырлардың арасы суып кете ме деп қорықтым. Ел ойлайды маған хайп керек, ақша керек деп. Маған өзімді жаман қылып көрсеткеннің несі керек? Мен тек өзім секілді адамдар болса, ұялмасын деп айту үшін келдім. Зорлыққа түскен болса, дер кезінде айтсын деп кеңес айтуға келдім. Мен танылғалы бері мені үйде пышақтап кетті. Мен үйден шыға алмай қалдым. Сондықтан маған ондай жарнаманың не керегі бар? Ауылыма, отбасыма барғым келеді. Бірақ олар мені қаламайды. Енді бәрі, кеш. Мені ешкім қабылдамайды. Бетіме басады», — деді ол.

Трансгендер отбасын, жақындарын сағынғанын айтады. Алайда өзін қабылдамай ма деп қорқады. 9 ай бұрын жігіттен қызға айналған бойжеткен бар мұңын өлеңмен жеткізді.

«Бұны айту – маған оңай болмады,

Ел де мені сөзбен сабап сынады.

Қайтқым келед, барсам елге болмай ма?

Туыстарым келіп бетке баспа ма?

Өтінемін доғарайық осымен,

Кезі келер еркек болып мен келем.

Аман жұртым сау болыңдар көргенше,

Ая қыздың көзі кетіп өлгенше».

 

Айтуынша, бір жыл бұрын әкесі өмірден өткен. Анасы өзін өмірге әкелген сәтте бақиға аттанған екен. Өгей ананың қолында өскен. Өзі жеті баланың бесіншісі.

«Мен жұмыс істемеймін. Менің жігіттерім көп. Солар қаражат беріп тұрады. Мен негізі ешқандай ота жасатпағанмын. Мен тек гармонды дәрілер іштім. Маған негізі қыздар да ұнайды. Бірақ өзімді қызбын деп санаймын. Астанаға келгенде телефоным да жоқ болған. Жұмыс істеп, ақша жинап, үй де алдым. Қазір шүкір деймін. Бұрын намаз да оқыдым, ораза да ұстадым. Қолым ашық. Трансгендер болғаныммен жақсылық жасап, сауап жинауға тырысамын. Күнәларымды солай жуғым келеді», – деді Ая.

Айта кетейік, бұған дейін көпшілік алдына шыққан қызтеке жігіт өзінің өмірлік көзқарасы өзгеріп, қызға айналғанын мойындады. Бұған бала күнінде көрген зорлығы себеп болған дейді. Алайда қазіргі қыз өмірі өзіне ұнайтын көрінеді.

Бұған дейін өзінің ер азамат қалпына қайта оралмайтынын айтқан ол президенттен көмек сұрауға дайын.

Комментарий