Жаңалықтар | Новости

Қытай зауытында жойқын жарылыс болды — БАҚ

Қытайдың Шихэцзы қаласында (Синьцзян) поликремний шығаратын химиялық зауытта жойқын жарылыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген видео Mash Telegram-каналында жарияланды.

«Синьцзянның Шихэцзы қаласында жарылыс болды. Хабарламаға сәйкес, кремний реакторы жарылды. Өрт сөндірушілер қосымша бөлімшелер келуін сұрап отыр, өйткені қазір өрт ұлғайып барады», — деп жазды портал.

Seeking Alpha басылымының мәліметінше, егер бұл ақпарат расталса, ол қазірдің өзінде жетіспей жатқан жартылай өткізгіштердің әлемдік өндірісіне әсер етуі мүмкін.

Комментарий