Жаңалықтар | Новости

Экс-министр Біртановтың үйқамақ мерзімі ұзартылды

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі 2021 жылдың 14 шілдесіне дейін ұзарды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“ҚР ҚІЖК-нің 55, 56, 151, 152-баптарын басшылыққа ала отырып, сот мынаны қаулы етті: Елжан Амантайұлы Біртановқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімі 2021 жылғы 14 маусымнан бастап 14 шілдені қоса алғанда 9 айға ұзартылсын. Күдіктінің қорғаушылары мен адвокаттарының өтініші қанағаттандырусыз қалдырылсын”, – деді тергеу сотының судьясы Ақмарал Исаева.

8 маусымдағы сот отырысында прокурор Елжан Біртановқа қатысты отбасы мүшелерінен басқа барлық адаммен кездесуге шектеу қоюды, телефон арқылы сөйлесуге тыйым салуды, “күдіктінің бірқатар тәртіпбұзуларына” байланысты тұрғын үйден шығуға тыйым салуды сұраған.

Бұған жауап ретінде Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы оған айыпталушы емес адамдармен кездесуге, телефонмен сөйлесуге және электрон қосымшаларды пайдалануға рұқсат етілгенін айтты. Сондай-ақ, Біртанов оған қозғалыс құқығын беруді сұрады, өйткені оны қазіргі жұмысы талап етеді. Ол жеке компанияда жалдамалы директор болып жұмыс істейді.

Комментарий