Аймақ | Регион

“Спутник-V” вакцинасы

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің Зайсан аудандық пробация қызметінде жазасын өтеуші сотталған азаматтар коронавирусқа қарсы “Спутник-V” вакцинасын салдырды. Айта кетейік, вакцинаны салдырмас бұрын аудандық медицина қызметкерлері әрбір сотталған азаматтың дене қызуы мен қан қысымын өлшеп, міндетті медициналық тексерістен өткізді. Бұдан бөлек, аталған екпе егу жұмыстары барысында тәжірибелі дәрігер, психолог, иммунолог, медбике сынды мамандар жұмыс істеді.

— Жалпы, ковидке қарсы екпе салдырғандардың арасында жанама әсер байқалмаған. Вакцинациялау жұмыстары ерікті түрде жүргізілген сотталғандардың хал-жағдайы бірқалыпты. Жазасын өтеушілерде індеттен қорғаудың әзірге жалғыз жолы — вакцина салдыру екенін жете түсінеді. Пробация қызметінің қызметкерлері тарапынан да тиісті деңгейде түсіндірме жұмыстары жүргізілді, — дейді бөлім инспекторы Е.Ахметзакиев.

Комментарий