Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

«Сатқындық жасады»: Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуінің опасыздығын еске алды (ФОТО)

Тележүргізуші дарынды ұлы Әлімді өмірге қалай әкелгенін, көптеген нәрсені құрбан еткенін айтты. Себебі, ол тек ана, әйел бақытын аңсаған.

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуі Владимир Рерихтің бір кездері өзіне сатқындық жасағанын еске алды. Балалы болу үшін тағдырдың сынағын көтеріп жүргендерге ол Instаgram-парақшасында арнайы жазба қаолдырды.

Дана Нұржігіт ең жақын адамға алдынудың қандай қасірет екенін жеткізіп, жан сырын ақтарды.

«Сатқындық деген не? Тұтқиылдан келген жау болса мейлі, ал жан тәніңмен берілген жарың сатқындық жасаса ше? Осының уын ішкендер аз емес, білемін!»,  – деп бастады сөзін ол.

Тележүргізуші дарынды ұлы Әлімді өмірге қалай әкелгенін, көптеген нәрсені құрбан еткенін айтты. Себебі, ол тек ана, әйел бақытын аңсаған. Жасанды ұрықтандырыруға 11-рет барғанда ғана дегені орындалған.

«Мен Әлімді бауырыма алғанша сол жолды 11 рет шыр айналдым!Қазір ойлансам, ақылға қонбайтын жанкештілік! Көзсіздік! Соның бәрін бірге өткен баланың әкесі бір күні сатқындық жасайды деп кім ойлаған?!», – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, осыдан 2 жыл бұрын Дана Нұржігіт елорда төрінде ақ көйлек киіп, тұрмысқа шықты. Бүгінде ол сүйікті жар, аяулы ана.

Комментарий