Жаңалықтар | Новости

Заман ағымынан ілесу ұтқырлықты ұғындырады

Алматы академиясында онлайн-алаяқтарға қарсы күресетін полицейлер дайындау басталды

Соңғы кездері интернет, телефон, ватсап алаяқтарының көбейіп кеткені белгілі. Бұл қылмыс әлемі енді онлайн режимде жұртты алдауға кіріскенін білдіреді.

Қашықта отырып қарапайым адамдарды қан қақсататын мұндай қылмысқа қарсы күресу үшін ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында мамандар даярлана бастады. Мұндай шешім өткен жылы қабылданған болатын. Енді полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіптің күзетшілері ғана емес, бағдарламашы да болады. Оларды түрлі хакерлермен қалай күресуге үйретеді.

-Технология күн сайын өзгеріп жатқан қазіргі заманда киберқылмыспен күресу өте маңызды болып отыр, Аталған қылмыспен күресу мамандығына біздер осы саладан тәжірибесі бар кадрларды тартып отырмыз. Оларды дайындауға  басқа да ұйымдар мен мекемелер қатысуда  -дейді Жанат Дилбарханова,  Алматы академиясы  бастығының орынбасары.

Өте керемет жаңалық! Енді онлайн-алаяқтардың еркінсуі басылып, заң алдында жауап беретін күндері де алыс емес деп ойлаймыз.

 

Жанар Тұранқазықызы

Алматы.

Комментарий