Жаңалықтар | Новости

Жол картада 76 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланып, 27 индикаторлар белгіленген

Кеше «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен партия филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Онлайн ұйымдастырылған отырыста облыс бойынша «Жастар — Отанға!» бағдарламасын іске асырудың «Жол картасы» бекітілді.
Жиында партия филиалының төрағасы Гүлшара Әбдіқалықова «Жастар – Отанға!» бағдарламасының алдағы 5 жылға бағытталып, жастарды ел дамуының ортақ мақсаты төңірегінде біріктіруге және жастардың өзін-өзі дамытуы үшін жан-жақты қолдауды қамтамасыз ету негізінде Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес дайындалғандығын атап өтті.


Бюро отырсында бағдарламаны тиімді іске асыру үшін, арнайы Жол картасы бекітілді. Жол картада 76 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланып, 27 индикаторлар белгіленген. Олар жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға, сапалы білім алуына жағдай жасауға, жұмысқа орналасуына, жас отбасыларды қолдауға және басқа да жастардың мүдделеріне байланысты мәселелерді қамтиды.


Осыған орай, Жол картасы бірауыздан бекітіліп, оны белсенді жүзеге асыру жөнінде тапсырмалар берілді.

Комментарий