Жаңалықтар | Новости

Жаза өтеу тәртібін бұзған азамат қамауға алынды

ШҚО Өскемен қаласы #2 сотының үкімімен ҚР ҚК 188 бабы 3 бөлігі 2-3 тармағына сәйкес 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталып, 01.03.2021жылы Солжағалау аудандық пробация қызметі есебіне қойылды.

Сотталған К есімді азаматты есепке қою кезінде жаза өтеу тәртібі түсіндіріліп, әлеуметтік құқықтық көмек көрсетілді. Алайда аталған азамат сот жүктеген міндеттерді орындамай, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, уақытында кезекті тіркеуге келмей, өзімен жүргізілген тәрбие жұмыстарынан дұрыс қорытынды шығара алмады. 2021 жылдың 31-ші мамыр айында Өскемен қаласы #2 сотымен Солжағалау аудандық пробация қызметінің бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыным қанағатандырылды. Сонымен қатар пробация қызметі бөлімінің мақсаты – заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік құқықтық сипаттағы қызмет түрлерімен жеке айқындалатын шаралар жүйесін орындауда.
ШҚО бойынша ҚАЖД
Солжағалау аудандық
ПҚБ инспекторы
әділет аға лейтенанты
Г. М. Таткенова

Комментарий