Жаңалықтар | Новости

«Семей орманы» резерватының қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ лауазымды тұлғаларына қатысты пара алу дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Залал мөлшері анықталады», — деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі өкілі.

Хабарламада басқа мәлімет тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайтыны көрсетілген. Түпкілікті үкімді сот шығарады.

«Семей орманы» резерваты көлемі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы аумағынан 6,6 есе артық. Сонымен қатар, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты орманды қорғау мәселесі Қазақстан үшін стратегиялық маңызды бағыттардың бірі саналады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен мән-жайға талдау жүргізеді, оның нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоятын нормативтік және ұйымдастыру жоспары әзірлененеді», — деді ведомство өкілі

Комментарий