Жаңалықтар | НовостиҚұқық | Право

Велошеруге пробация есебіндегі азаматтар қатысты

Қазақстандағы көне ірі қалалардың біріне жататын – Сығанақ қаласы кезінде қазақ халқының басын құраған Ақ орданың астанасы болған. Сыр бойының мәдениетті, сәулетті де көрікті әрі саудасы мен қол өнер кәсібі дамыған 15 мұнаралы қорғаны болған қала  Ұлы Жібек керуен жолының бойында  жатқан басты қалалардың бірі. Бүгін Жаңақорған ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің әлеуметтік тапсырысы аясында «Ашық азаматтық қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Туған жерге туыңды тік»  велошеруі Жаңақорған ауданы, Сунақата ауылында орналасқан Сығанақ тарихи мәдени қалашығында өтті.

Велошеруге қатысушы жастарға өлкетанушы Ә.Ержанов жастарға көне қаланың тарихымен таныстырып, қала орнын аралатып, жүргізілген археологиялық жұмыстармен танымдық экскурсия ұйымдастырды. Велошеруге 30 жуық еріктілер қатысса, оның ішінде 5 азамат Жаңақорған аудандық пробация есебіндегі ерікті жастар.

«Сығанақ – терең тарихы бар қалалардың бірі. Бүгінгі велошеруде бабалар ізімен жүріп өткен тарихи қаладан табылған көне жәдігерлерді қолымен ұстап, құпияларын танып білдік.  Осылайша тарихи құнды мәліметтерді ойымызға тоқып, ерекше әсер алдық.  Шараны  ұйымдастырушыларға  алғысымыз шексіз»,- деді есептегі азамат.

 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Комментарий