Жаңалықтар | Новости

Қызылорда қалалық пробация қызметі  бөлімінің есебінде тұратын  азаматшаға  мәжбүрлі еңбек тағайындалды

Мәжбүрлі еңбекке тарту Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 44-бабы 1-бөлігінде көрсетілгендей бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған сотталғандарға қолданылады. Аталған мәжбүрлі еңбекті жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастырады және күніне төрт сағаттан асырылмай өтеледі. Сотталғанға тағайындалатын жаза түрінің бірі бас бостандығынан шектеу жазасы.

Бас бостандығынан шектеу жазасына сотты болғандарды әдетте тұрақты жұмыс орны жоқ және оқуда жоқ болуына байланысты, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын  орындарда, жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын бір жүз сағаттан мәжбүрлі еңбекті тағайындайды.

Мәжбүрлі еңбекке тарту күніне төрт  сағаттан асырылмай  өтеледі.  Жуырда Қызылорда қаласының тұрғыны Г. есімді азаматша Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, жылына 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылауға алынды.

« Сотталған  азаматшаны 100 сағаттық мәжбүрлі еңбегін өтеу үшін Қызылорда қалалық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы «Қызылорда  Тазалығы » ЖШС-не жіберілді, қазіргі таңда күніне төрт сағаттан асырылмай мәжбүрлі еңбегін өтеуде. Бұл еңбекті қоғамға пайдалы әрі тиімді ету үшін, қоғамдық орындарды зиянды қоқыс заттардан тазалау, абаттандыру, түзету сынды тағыда басқа еңбек етіп жазасын өтейді. Азаматша мәжбүрлі еңбегін аяқтаған соң, «Қызылорда Тазалығы » ЖШС мәжбүрлі еңбегінің аяқталғандығы туралы кесте түзіп, қалалық пробация қызметіне жазбаша түрде хабарлайды, — дейді Қызылорда қалалық пробация қызметі  бөлімінің  инспекторы әділет капитаны Р.Сыздықов

 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Комментарий