Жаңалықтар | Новости

Пробация есебіндегі азаматтар марафонға қатысты

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай Жаңақорған ауданында «Көк тудың желбірегені» атты  мерекелік марафон ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты ұлттық құндылықтарымызға балайтын рәміздерімізге деген сүйіспеншілік сезімін оятуұлттық нышандарымызды ұлықтаудәріптеу болатын. Марафонға 40- қа  жуық ерікті  қатысса, оның ішінде 10 азамат пробация есебіндегі ерікті жастар. Марафон орталық стадионнан бастап, Б.Байкенжеев, А.Нақыпов, А.Иманов көшелерінің бойымен жүгіріп өтіп, Орталық алаңдағы Рәміздер аллеясына дейін жалғасты.

Осылайша , пробация есебіндегі азаматтар  мемлекеттік рәміздердің аудан көлемінде ұлықтауына, дәріптелуіне үн қосып, құрмет білдірді.

 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Комментарий