Жаңалықтар | Новости

«Ashyq» қосымшасы іске қосылды

Бүгінен бастап, ЗК-169/1 тергеу изоляторында, елдегі эпидемиологиялық ахуал жөніндегі деректерді бақылау және талдауға арналған «Ashyq» қосымшасы іске қосылды.
Осыған байланысты, алғашқы бақылап өткізу бекетінде QR код жүйесі орнатылды.
Міне, осы QR код арқылы келушілер, мобильді қосымшаны телефонға жүктеп, нөмірі бойынша тіркелуі тиіс.
Кейін QR кодты сканерлеп, ЖСН нөмірін енгізеді. Сол кезде 4түстің бірі жанады.
-ПТР тест тапсырмаған  және вирус жұқтырмаған азаматтарға — КӨК түс,
-ПТР тест тапсырып, теріс нәтежие көрсеткендерге — ЖАСЫЛ
— Ал, науқастармен байланыста болғандарға — САРЫ
— Коронавирус жұқтырғандарға — ҚЫЗЫЛ түс жанады.

Сары мен Қызыл түс жанғандар мекеме аумағына жіберілмейді.
Осы статустардың көрсетілуі, жазасын өтеп жатқандардың өміріне қауіп төндірмеуге мүмкіндік береді.

  Сондықтан да, мекеме аумағындағы санитарлық талаптарды қадағалауға және келушілердің инфекцияны таратпауының алдын алу мақсатында, әрбір азаматтармен  ақпараттандыру жұмыстары қарқынды түрде іске асырылуда.

Яғни,  азаматтарды қабылдау Фронт офисіне  Ashyq қосымшасы жайлы жазылған кітапшалар қойылып, мекеме қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Комментарий