Жаңалықтар | Новости

Сот үкімі бойынша мәжбүрлі еңбек

2021 жылдың 5 айында СҚО бойынша ҚАЖД Жамбыл ауданының пробация қызметі бөліміне мәжбүрлеп еңбекпен бас бостандығын шектеуге 7 сотталған есепке қойылды.

Мәжбүрлі еңбек тағайындалған бас бостандығын шектеуге сотталғандар демалыс және мереке күндерін қоспағанда, тұрғылықты жері бойынша ауылдық әкімдіктерде күн сайын күніне 4 сағаттан мәжбүрлі еңбек сағатын пысықтайды. Мәжбүрлі еңбекті пысықтау кезінде сотталғандарға “Қоғам алдындағы борышыңды өтеу” деген жазуы бар жарық шағылыстыратын кеудешелер беріледі, бұл кеудешелерді мәжбүрлі еңбекті пысықтағаннан кейін сотталғандар мәжбүрлі еңбекті өтеу орны бойынша ауылдық әкімдікке тапсырады.

Ағымдағы жылдың басынан бастап мәжбүрлі еңбекпен бас бостандығын шектеуге 2 сотталған, бас бостандығын шектеу түріндегі жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылды, деректер мәжбүрлі еңбек түріндегі сот үкімін орындамады, түзету жолына түскісі келмей, сот міндеттерін бұзды.

Әрбір сотталғандармен тұрақты негізде қайта қылмысқа жол бермеу бойынша профилактикалық әңгімелесу жүргізіледі, сондай-ақ жазасын өтеу кезеңінде сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіледі.

 

СҚО бойынша ҚАЖД Жамбыл ауданының ПҚБ бастығы

әділет майоры

Бауыржан Ғабдуллин

Комментарий