Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Дін саласына қатысты журналистер арасында байқау жарияланды!

Құрметті әріптестер!!!

Дін саласындағы өзекті мәселелер туралы бірнеше номинациялар бойынша журналистер арасында үздік материалдарға байқау жариялаймыз!

Байқауды Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен 2019 жылдың 1 мамыры мен 1 қазаны аралығында Ұлттық журналистік зерттеу орталығы ұйымдастырады. Жеңімпаздарды марапаттау 18 қазан – ҚР Рухани келісім күні мерекесі қарсаңында Алматы қаласында өтеді. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байқаудың мақсаты:

– Қазақстан Республикасы жұртшылығының назарын дін саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелеріне аудару.

– Бұқаралық ақпарат құралдары, яғни журналистер арқылы тұрғындарды мемлекеттік саясаттың дін саласындағы әр түрлі бағыттары, қоғамдағы конфессияаралық келісімнің нығайтылуы және сақталуына бағытталған маңызды іс-шаралар жөнінде хабардар ету.

– Дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша материалдарды жариялайтын БАҚ мен журналистерді қолдау.

Байқау номинациялары:

Діни экстрмемизмнің алдын алуға байланысты байқау келесі номинациялар бойынша жүргізіледі:

– ең үздік телевизия жанры;

– ең үздік радио жанр;

– мерзімді баспасөздегі қазақ тіліндегі ең үздік публицистикалық мақала;

– мерзімді баспасөздегі орыс тіліндегі ең үздік публицистикалық мақала;

– интернет-ресурстағы қазақ тіліндегі ең үздік мақала;

– интернет-ресурстағы орыс тіліндегі ең үздік мақала;

– әлеуметтік желідегі ең белсенді қоғамдық топ;

– интернет желісіндегі ең үздік бейнеролик;

– ең белсенді блогер;

– ең үздік фоторепортаж.

Жеңімпаздарды барлық номинациялар бойынша бағалы сыйлықтармен марапаттау, сонымен қатар 5 (бес) ынталандыру сыйлығы;

Байқау шарттары:

Алматы қаласында тіркелген немесе тілшілер қосыны бар БАҚ-тағы кез келген журналист, сондай-ақ ғалым, көсемсөзгер, қаламгер қатыса алады. БАҚ басшылығының рұқсаты талап етілмейді. Байқау екі тілде өтеді.

Байқауға 2019 жылдың 1 мамырынан бастап 1 қазан аралығында жарияланған материалдар қабылданады.

Басты қойылатын талап – Қазақстанның зайырлы мемлекеттік құрылымын қарапайым әрі ұғынықты тілмен түсіндіру, мемлекеттік саясаттың заңнамалық талаптарын ұғындыру, дін атын жамылған экстремистік ағымдарды әшкерелеу, дәстүр мен діннің өзара байланысын жеткізу, діни экстремизмнің алдын алу, теріс діни топтардың идеологиясы мен олардың зияндығын ашып көрсету.

Қандайда бір діни ұстанымды немесе дінді насихаттауға бағытталған материалдар қабылданбайды. Байқауға қатысушылар Ұйымдастыру комитетінің uzhzo2005@mail.ru электронды поштасына (байланыс телефоны: 87775654078) мынадай материалдарды жіберуі тиіс:

1). Автор туралы мағлұмат /туған жері, күні, айы, жылы, телефон/;

2). Байқау материалы жарияланған БАҚ-тың pdf-нұсқасы немесе скриншоты, портал-сайттағы материалдың скриншоты немесе электронды сілтемесі (бар болған жағдайда), теле-радио бағдарламалардың mp4-нұсқасы немесе электронды сілтемесі (бар болған жағдайда);

3). Автор әр номинацияға 1 немесе 2 материал ұсына алады;

4). Бір автор бірнеше номинацияға қатыса алады;

5). Барлық материалда байқаудың қандай номинациясына ұсынылатыны туралы ақпарат болуы міндетті. Номинациясы көрсетілмеген материал байқауға жіберілмейді.

Байқау кезеңдері:

1. Байқауға қатысушылардан материалдарды қабылдау (1 қазанға дейін);

2. Материалдарды сараптау және жеңімпаздарды анықтау (1-10 қазан аралығы);

3. Байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау (Рухани келісім күні қарсаңы).

Байқау жеңімпаздарын марапаттау:

Байқауды ұйымдастыру комитеті жүргізіп, жеңімпаздарды 5 немесе 7 адамнан тұратын қазылар алқасы таңдайды. Алқа байқау марапаты басталғанша құпия түрде сақталады. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылмайды. Байқау жеңімпаздары арнайы номинациялар бойынша тағайындалған ақшалай жүлделермен және арнайы дипломдармен марапатталады.

Құрметті әріптестер, байқауға дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан шығармашылық байқауға ақпараттық қолдау көрсетіп, осы тақырыпқа қызығушылық танытатын қаламгерлерге таратуларыңызды сұраймыз.

Ұйымдастыру комитеті

87775654078

Комментарий