Жаңалықтар | Новости

Алматыда жаңа тұрғын үй кешендерінде полиция пункттері ашылады

Алматыда жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде учаскелік полиция пункттері ашылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Учаскелік инспекторлар жұмысын жақсарту жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған үш жылдық кешенді жоспарға сәйкес 36 учаскелік полиция пунктіне орын бөлінеді. Оның 19-ы салынып жатқан тұрғын үйлерде болса, 17-сі жеке секторда.

«Жаңадан салынып жатқан тұрғын үй алаптарында учаскелік полиция пунктінің болуы инспекторларға тұрғындар дабылына жедел әрекет етуге, халықпен өзара іс-қимыл жасауға көмектеседі», — деді Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Комментарий