Жаңалықтар | Новости

Алматылықтар Медициналық сақтандыру қорына 121 млрд теңгеден астам жарна аударды

МӘМС жүйесі енгізілген уақыттан бастап Медициналық сақтандыру қорына 655,2 млрд теңге түсті, деп хабарлайды Қордың Алматы филиалы.
Жарна көлемі жағынан жинақталған соманың бестен бір бөлігі оңтүстік астанаға тиесілі. Жалпы, жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1-шілдесінен 2021 жылдың 31-мамырына дейінгі аралықта Алматы қаласынан 121,7 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 89,7 млрд теңгеден астамы – жұмыс берушілердің жасаған аударымдары. Қалған 32 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша еңбек ететіндердің жарнасы.
Филиал директоры Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеу тиімдірек. Қазіргі таңда қала тұрғындары үшін БЖТ көлемі 2917 теңгеге тең, оның 40% немесе 1166 теңгесі МӘМС жарнасына жұмсалады. 2019 жыл басынан бері Алматы қаласы бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтыған 200 мыңнан астам адам 462,6 млн теңге көлемінде бірыңғай жиынтық төлем төлеген.

МСҚ Алматы филиалының
баспасөз қызметі

Комментарий