Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда жыл соңына дейін 32 педофил бостандыққа шығады — БАҚ

Қазақстанда жыл соңына дейін 32 педофил бостандыққа шығады. Оларға химиялық кастрация жасалмайды. Өйткені олардың бәрі заңға түзету енгізілгенге дейін сотталған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Құқық қорғаушылар мен психолог мамандар Қазақстанда осы санаттағы қылмыскерлер босатылғаннан кейін оларды бақылау немесе олармен жұмыс істеу бойынша бағдарлама жоқ екеніне алаңдап отыр.

Олар бостандыққа шықаннан кейін бір жыл ішінде тағы да қылмыс жасау қаупі өте жоғары. Қазіргі уақытта бас бостандығынан айыру орындарында тиісті бап бойынша екі мыңға жуық адам жазасын өтеп жатыр. Олардың 20 пайызы екінші рет кәмілетке толмаған балаларға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық көрсеткендер, деді телеарна тілшісі.

Психолог маман Ержан Базарбаевтың айтуынша, екінші қылмыс әлдеқайда қауіпті болады. Қылмыскер қоғам қалай әрекет ететінін, бірінші рет қалай қателескенін түсінеді. Сондықтан абайлап әрекет ете бастайды. Мұны тек кастрация арқылы шешу мүмкін емес.

«Бостандыққа шыққаннан кейін оларға осы мәселені шешуге көмектесетін белгілі бір психологтар тағайындалуы керек. Оларды көп ой мазалайды. Әдетте, сотта мұндай адам ақылды деп танылады және оның бейімділік себептерін ешкім түсінбейді. Ондай адамдар ерте ме кеш пе тағы да қылмысқа баруы мүмкін», — дейді психолог.

«Право» қоғамдық қорының жетекшісі Ольга Рыль сотталғандармен жұмыс қамау орындарында басталуы керек деп санайды.

«Олармен психотерапевт, психолог, терапевт жұмыс істеуі керек. Бірақ бұл қызметтер кешені аймақ аумағында ұйымдастырылмаған. Жазасын өтегендерді оңалту бағдарламасы болмаса, жағдай ушығуы мүмкін», — деді Ольга Рыль.

Комментарий