Жаңалықтар | Новости

Сен қоғамға керексің!

Жуырда түркістан облысы ҚАЖ департаментіне қарасты Сайрам аудандық пробация қызметі үйінде «Сен қоғамға керексің» атты жобасын іске асыру аясында ашылған «Бір терезе» қабылдау күні өтті.

Сайрам аудандық пробация қызметінің ұйытқысымен қайта қылмыстың алдын алу және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтарды қабылдады.

Атап айтар болсақ, «Сен қоғамға керексің» атты жобасын іске асыру аясында ашылған «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін орталықтың мақсаты сотталғандарды қайта әлеуметтендірудің тиімді жүйесін құру, есепке алынған пробация қызметіне тіркелген сотталған азаматтарды жұмысқа орналастыру болып табылады. «Пробация үйіне» келген барлық есепте тұрғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілуде.

Пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтармен қайта қылмыстың алдын алу және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында жиналған отырыста Сайрам аудандық прокуратура қызметкері, кәсіпкерлік бөлім маманы, жұмыспен қамту және әлеуметтік-бағдарламалар бөлімінің мамандары мен дәрігер, психолог, адвокат, пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері пробация қызметінде тіркеуде тұрған азаматтарға сұрақтар қойып, өз мәселелерімен бөлісу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, сотты болған азаматтар жұмысқа тұруы үшін барлық жағдайлардың жасалуына мүмкіндік алды.

Жиын барысында сотты болған азаматтар тарапынан мамандарға сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар берілді.

– Осы санаттағы адамдарды жұмысқа орналастыру – мемлекетіміздің қолға алған қағидасының бірі болып отыр. Бұл еліміздегі маңызды мәселе десек те болады. Себебі, қылмыс жасап сотты болған әрбір адамды біз қоғам болып бірлесіп қайта бейімдеуге ықпал жасауымыз керек. Сонда, сотталғандар арасында қайта қылмыс жасау дерегі азаяды. Сондықтан, жұмыс берушілер мен жалпы қоғам сотталғандарға деген көзқарасын түбегейлі өзгертуі қажет, – деп мәлімдеді Сайрам аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Қанат Шамшиев.

Комментарий