Жаңалықтар | Новости

Сотты болған азамат қоқыс орын тоғанға айналдырды

Өзінің туған жеріне қолдан келгенше көмек көрсету әрбір адамның азаматтық борышы. Сондай игі бастамалардың бірін жасап жүрген Түркістан облысы, Кентау қалалық пробация қызметінің есебінде тұратын Әлішер Мүсілімов есімді азамат өзінің туған ауылының қоқысқа айналған орнын тазалап, тоған қазып, ол жерден шыққан құм-тастарды ауыл көшелеріне төсеп, жолдарын жөндеп, ауыл тұрғындарының көшеде жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасауда. Осылайша ол өзінің туған ауылының дамуына өз үлесін қосуда. Ол ауылына жасап жатқан игі ісін өзінің азаматтық борышы деп санайды.

Әлішер өзінің бала кезден армандаған балық шаруашылығын нөлден бастады. Ескі Иқан ауылының маңында орналасқан тоғанның суы 1990 жылдары тартылып, қамыс өсіп, балдырлар жиналып қараусыз қалған болатын. Ауыл әкімдігінің шешімімен бұл жерге қоқыс төгуге рұқсат берілген. Отыз бір жылдан бері қоқыс орнына айналған тоғанның күйін көріп Әлішер Мүсілімов қатты қиналатын.

— Бала кезімізде бұл жерде кішігірім тоған болатын. Осы суға шомылып, балық аулап, асыр салып ойнаушы едік. Ал, Кеңес Одағы ыдырағанан кейін бұл тоған қамыс басып, суы азайып қараусыз қалды. Ескі Иқан ауыл әкімдігінің рұқсатымен осы жерге қоқыс тастап келген болатын. Балалық шақтың естелегінің қоқысқа айналғанын көріп, көңілім қатты түсетін. Аталған қоқыс орны толған кейін, қоқыс орнын басқа жерге ауыстырады. Қараусыз қалған жерді алып, су толтыру үшін тоған қаздырдым. Осы жерден шыққан құм мен тастарды ауыл көшелеріне төседім. Сөйтіп, бұл жерді суға толтырып, әртүрлі балықтарды өсірсем деген ниетім бар», — деп әңгімесін бастады Түркістан облысы Кентау қалалық пробация қызметі есебінде тұрған Әлішер Муслимов.

Ол Түркістан облысы Ескі Иқан ауылының тумасы. Жасы 48-де. Біраз жыл құрылыс саласында еңбек еткен. Бұған дейін сотты болмаған. Осыдан

сегіз жыл бұрын қатал тағдырдың сынына ұшыраған Әлішер сөзге келіп қалған танысының арасында дау туындайды. Даудың соңы төбелеске алып келіп соғады. Қатты соққыға жығылған жәбірленуші бір жылдан соң ауыруханада көз жұмады. Ал, Ә.Мүсілімов Шымкент қаласында орналасқан ИЧ-167/3 түзеу мекемесінде жазасын өтейді. Темір тордың аржағында бес жыл уақытын өткізеді. Өзінің тәртібі мен мінезін жақсы жағынан көрсетуінің арқасында 2018 жылы жазаның өтелмеген бөлігі сотпен неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылады. Қазіргі таңда Түркістан облысы ҚАЖ департаментіне қарасты Кентау қалалық пробация қызметінің есебінде тұрады.

— Ол осыдан 2018 жылы бұрынғы ОҚО Түркістан қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 103 бабыбын 3-бөлігінде және 287-бабының 3-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ҚР ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігінің негізінде қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығымен аса қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы түпкілікті сегіз жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын. Ал, 2019 жылы Шымкент қаласы Абай аудандық сотының қаулысымен ҚР ҚК-нің 73-бабына сәйкес тағайындалған жазаның қалған 2 жыл 6 ай 4 күн мерзімінің өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айырудың бір күніне, яғни бас бостандығын шектеудің бір күн есебімен, бас бостандығын шектеу жаза түріне ауыстырылып, пробациялық бақылау белгіленген болатын. Есепте тұрған сотты болған адамдар жылына 100 сағатқа қоғамдық орындарда мәжбүрлі еңбекке тартылады. Әлішер өзіне белгіленген қоғамдық жұмысты балық шаруашылығын ашып, өз кәсібін бастап кетті, — деді Кентау қалалық ПҚ бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны Ғалымжан Бердішев.

Әлішер Мүсілмов өзінің жасаған ісіне қатты өкінеді. Темір қапаста өткізген күніндерінде бостандықтың қадірін түсініп, өзінің бала кездегі арманын қолға алуға ұмтылды. Әлішер тоған ашып, балық шаруашылығын қолға алуды бұрыннан ойлаған екен. Бірақ, ол ойын іске асыру үшін қаражат жетпеген еді. Ал, қазіргі таңда Кентау қалалық пробрация қызметі бөлімінің қызметкерлерінің арқасында қайтарымсыз несие алып, кәсібін дөңгелетіп келеді.

— Әлішер Мүсілімов біздің пробрация қызметінің есебіне тіркелген күні өзінің балық шаруашылығымен айналысқысы келетінін айтты. Әрине, біз қолымыздан келгенше көмектесіп келеміз. Тіркеуге алынған сотты болған әрбір азаматтың қоғамға тез бейімделіп, қылмысты қайта жасамағаны біз үшін абырой. Сонымен қатар, ол жаза өтеу ережелеріне, сот жүктеген міндеттерге жауаптылықпен қарап, түзелу жолына нақты түсті. Сот қаулысымен жүктелген міндеттерді орындап келеді. Тәртібі жақсы, пробация қызметіне тіркеліп, есеп беру үшін өз уақытында келіп тұрады. Өзін оң мінез-құлқымен көрсетіп, қоғамға үлгілі азамат екенін көрсетіп, өзге де пробрация есебінде тұрған соты болған азаматтарға үлгі көрсетіп келеді. Жаза өтеу тәртібі мен шарттарын бұзбай, өзінің түзу жолға тұрғанын дәлелдеп өзінің жеке кәсібін өркендетуге нық қадам басуда, — деді Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Кентау қалалық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Атабек Исаев.

Қазіргі таңда оның таңы өзгеше атады. Ол таңертең ерте тұрып қайығына қамдап, балықтарын қоректендіреді. Шаруашылығын басынан бастаған Әлішер балық санын көбейтіп келеді. Алты жарым гектар жерден 3 тоған қазып, оны суға толтырған. Аталған тоғаннан ауылдың үштен бір бөлігінің бау-бақшасы сумен қамтамасыз етіліп отырады. Атап айтар болсақ, ауыл әкімдігі, мектептер, училище және тұрғындар осы тоғанның суын пайдаланады. Әлішер көктемде екі тонна сазан балығын суға жіберді. Алдағы уақытта Шардара ауданына барып кәсіпкерлік курсын оқып бес тонна шабақ балығын алып келуді жоспарлап отыр.

— Алла буйыртса Түркістан облысы дамып келеді. Осы қолға алған балық шаруашылығын туристердің және облыс тұрғындарының демалыс орнына айналдырсам деген ниетім бар. Келесі жылға дейін тоғанның айналасын тегістеп, ағаштар отырғызу да жоспарда бар. Бұл жерге демалуға келгендер өздері балық аулап, уақыттарын тиімді өткізеді. Сонымен қатар, келесі жылдан бастап Түркістан облысының сауда орталықтары мен дүкендерін де балықпен қамтамасыз етеміз. Әрине, менің бұл балық шаруашылығымның дамуына Кентау қалалық пробрация қызметінің қызметкерлері қолдарынан келген көмектерін жасап келеді. Менің қоғамға бейімделіп, өзімнің бизнесімді ашуға қолдау көрсетіп жүргендеріне алғысым шексіз. Әйтпесе, бұл шаруаны талай жылдан бері қолға алсам деп жүрген едім. Бірақ, қаражат пен көмек қолын созар адам болмаған соң іске асырылмай қалып жүрген еді. Осы қызметкерлердің арқасында кәсібімді қорықпай бастап кеттім, — деді Әлішер Мүсілімов.

Ол осымен тоқтап қалмай, үлкен балық зауыттарымен бірлесіп жұмыс жасауды жоспарлап отыр. Келешекте бұл демалыс орны туристер мен облыс тұрғындарының көңінен шығады деп жоспарлап отыр. Өзінің қолға алған ісін дамытуға бел буып, алға қойған мақсатын дамыту жолында аянбай еңбек етпекші.

Темір тордан босап шығып өз кәсібін бастағандар аз емес. Әлішер оларды қарапайым өмірге бейімдеудің тамашы үлгісі болып келеді. Пробация қызметі есебінде тұрған сотталған азаматтардың бизнесін дамыту үшін пробация қызметі тарапынан алдымен «Бастау Бизнес» жобасы бойынша сертификаты алып беріледі. Кәсіпкерлік негіздерінде білімін жетілдіруге арналған тегін оқу курстарына жолдама алады. Сөйтіп, бір ай көлемінде білім алып, өздерінің таңдаған кәсібі бойынша жұмыс жасау үшін шағын несие және жәрдем ақы грантын алып беруге жағдай жасалады. Сондай-ақ, есепте тұрған сотталған азаматтардың көпшілігі мал шаруашылығымен айналасыда екен.

Бүгінде облыс бойыша 2019 сотты болған азамат пробация қызметінің есебінде тұр. Былтыр 35 адам өз кәсібін ашып, дөңгелетіп келеді. Атап айтар болсақ, «Атамекен» грантын – 28 адам, «Кәсіптік білім» грантын – 22 адам оқу курстарынан өтіп арнайы сертификат алды. Ал, үстіміздегі жылы «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша 19 адам оқу курстарынан өткен. «Атамекен» бағдарламасы бойынша – 3 адам, қысқа мерзімдік кәсіптік білімді – 2 адам,

«Мемлекеттік грант» бағдарламасы бойынша – 3 адам оқу курстарынан өтіп арнайы сертификат алды. Облыста пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға құқықтық көмек көрсету жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Солардың үшеуі бүгінде өз жобаларын қорғап мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грантқа ие болды. Шалыс басып, жазасын өтеп жатса да, өз кәсібін бастағандардың саны жыл санап көбейіп келеді. Биыл да істі болған азаматтарға құқықтық көмек көрсету жұмыстары жалғасын табуда. Өздері ниет білдірсе арнайы бағдарламалар бойынша тегін оқуға жіберіледі.

Пробация қызметкерлерімен сотталған азаматтарға көрсетілетін осындай іс-шаралар олардың кәсібін дамыта отырып, отбасыларын асырауға және қоғамға тез бейімделіп, түзу жолға түсулеріне ықпалын тигізетініне сенімдіміз

Комментарий