Жаңалықтар | Новости

Сотталғандар жұмыспен қамтылды

Түркістан қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастырды.

Жұмыссыздақтың салдары адамдарды көбінесе қылмысқа итермелейтіні белгілі. Осы орайда Түркістан облысы Пробация қызметі есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандар саны 6 пайызға қысқарған. Жуырда Түркістан ұаласында «Нқр-Строй» ЖШС кәсіп орыны мамандарының және Түркістан қалалық пробация қызметкерлері мен осы пробация қызметінің есебінде тұратын сотталған азаматтардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Бұл шараның мақсаты, жұмыссыз жүрген сотталған азаматтарды жұмысқа орналастыру болып табылады. Осының нәтижесінде пробация есебінде тұрған 3 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Ендігі кезекте сотталған азаматтар тұрақты жұмыстың арқасында өз отбасын асырауына мүмкіндігі бар.

Атап айтар болсақ. Түркістан қалалық пробация қызметінің қызметкерлері есепте тұрған жұмыссыз сотталғандарды жұмысқа тұрғызу жұмыстарын жүйелі түрде атқарып келеді. Мәселен, Түркістан облысы Пробация қызметі 2020 жылы елімізде пандемия орын алғанына қарамастан, 127 сотталғанды тұрақты жұмысқа орналастырды. Ал, биылғы жыл басынан бері, облыс Пробация қызметінің арқасында есепте тұрған жұмыссыз 140 сотталған жұмысқа орналасып үлгерді. Соның ішінде, Түркістан қалалық Пробация қызметінің есебінде тұратын Сот үкімімен бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробация бақылау белгіленген жұмыссыз жүрген 3 азамат «Нұр-Строй» ЖШС-нің бұйрығымен 1 сотталған электрик, 2 сотталған азамат қара жұмысшы ретінде жұмысқа орналастырылып, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді.

— Түркістан қаласының әкімі Р.Аюповтың «Түркістан қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін 2021 жылға арналған жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» 2021 жылғы 4 мамырдағы №793 қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұратын Сот үкімімен бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробация бақылау белгіленген жұмыссыз жүрген сотталғандарды жұмыспен қамтыға тырысудамыз. Түркістан қалалық

пробация қызметі қаламыздағы 5 ірі кәсіп орынмен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Олар, «Түркістан су» ЖШС, «Ақжол» ЖШС, «НЫШЕР» ЖШС, «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС. Аталған мекеменің мамандары бізге бос жұмыс орны жайында хабарлайды. Сосын, пробация есебінде тұрған сотталған азаматтарға жұмысты ұсынамыз. Атап айтар болсақ, сотталғандардың қайта қылмысқа баруына жол бермеу, оларды жұмыспен қамту мәселесі барлық Пробация қызметкерлерінің басты тапсырмасының бірі, — дейді Түркістан қалалық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет капитаны Айбек Момбеков.

Пробация қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында есепте тұрған сотталғандар арасында қайта қылмыс жасау дерегі азайып, оң нәтиже көрсетір отыр.

Комментарий