Қоғам | Общество

Атақты спортшылар Почиваловты жақтайды

Шымкент қаласы спорт бөлімінің бұрынғы бастығы Олег ПОЧИВАЛОВ төңірегіндегі дау басылар емес. Қысқа қайырғанда биылғы жылдың басында Шым қаланың бас спортшысына «ҚР азаматтығынан айыру» туралы қалалық көші-қон полициясынан қағаз келеді.

Себеп – бір жылдары Ресей азаматтығын алған екен. Әлек содан басталады. Почивалов ешқандай да РФ азаматы болған да, болмақ та емес екенін айтудан бір тайынбай келеді. Тіпті, көші-қон полициясын сотқа да береді, ал қалалық прокуратура осыған орай құажаттарды бұрмалады. Әрине, осынау құжаттар былығына жол берген қалалық көші-қон полициясының қызметкерлеріне қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 371 бабы (салғырттық) және 416 бабы (дәлелдемелерді бұрмалау) бойынша екі қылмыстық іс қозғалады. Қойыртпақ құжаттардың көшірмелері негізінде адам тағдыры мөр соғылған немесе қолы қойылған бірде бір түпнұсқа анықтамасы жоқ қағаздар есебінен шешілуі тиісті ме? Істің анық-қанығын одан әрі нақтылау үшін Ресейдің көші-қон қызметіне Почиваловқа қатысты тиісті сұраудың да жіберілгені рас. Нақты жауап Ресей Федерациясы Ішкі істер Министрлігі көші-қон мәселелері жөніндегі бас басқарманың биылғы 26 ақпандағы №3/217703201256 жауап хаты да келді. Осы хатқа сүйенсек, оның Ресей азаматтығына ешақандай да қатысы жоқ екен. Бірақ, дәйекті тексеру жүргізудің орнына құзырлы органдар міз бағар емес… Почиваловтың бірінші сатыдағы сот пен апелляциялық сот алқасының сот органдарына берген азаматтық талаптары мен шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды.

Ендігі кезекте, Олимпиада ойындарының, әлем чемпионаттары мен кубоктарының, Азия ойындары мен Дүниежүзілік Универсиадалардың чемпиондары мен жүлдегерлер спортшыға араша түсті. Олар дарынды спорт ұйымдастырушысы жергілікті арамзалардың құрбан болды деп санап, әділеттіліктің орнайтынына сенеді.

2000 жылғы Олимпиада чемпионы Ермахан ИБРАИМОВ, 1996 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы ,КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушы Юрий ЦХАЙ, 2000 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ислам БАЙРАМУКОВ, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Александр ВИНОКУРОВ, әлемнің төрт дүркін чемпионы, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы, төрт әлем рекордының иегері ауыр атлет Илья Ильин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жолдады.

« Дене шынықтыру және спорт — Сіздің мемлекеттік қызметіңіздегі басым бағыттардың бірі екенініне ешкім дау тудармайды. Сіз әрқашан бізді қолдап, біздің сәтсіздіктерімізге алаңдап, жеңістерімізге қуандыңыз. Ел басшылығының, тиісті министрліктің, федерациялардың, жаттықтырушылардың, жолдастардың, достардың қолдауы жауапты сынға шыққан спортшылар үшін күш-жігер береді, жеңіске деген сенімін арттырады. Осы орайда, әріптесіміз, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Нысана ату Азия Бас Ассамблеясы атқару комитетінің мүшесі Олег Владимирович Почиваловқа араша түсіп, Сізге арнайы хат жазып отырмыз», — дейді спортшылар өздерінің Елбасыға арнаған жолдауында.

Олар спорт басшысына қырын қарады деген сенімді дәлелдер келтіреді: іс бойынша Олег Почиваловтың Ресей азаматтығын алғандығын растайтын ресми құжаттардың ешқандай да түпнұсқалары жоқ.

Олег Владимировичтің нағыз патриот екенін айта отырып, оның арқасында түрлі халықаралық жарыстарда Қазақстан туы бірнеше рет жоғары көтерілді. Оның жаттықтырушылық мансабы 1991 жылы басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасуда. 2010 жылдан 2020 жылдарға дейін оның тікелей қатысуымен және басшылығымен ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру комитетінің Олимпиадалық оқ ату орталығында 82 халықаралық спорт шебері, 122 спорт шебері дайындалып, халықаралық жарыстарда түрлі дәрежедегі 613 медаль жеңіп алынды. Олег Почиваловтың бастамасымен және оның тікелей қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласында TARGET SHOOTING CLUB ату-спорт кешені, SHYMRENT SHOOTING PLAZA әмбебап ату кешені, Алматыдағы ASSANOV SHOOTING CLUB ату клубы сияқты жобалар жүзеге асырылды.

Еліміздің спорт қоғамдастығының өкілдері, егер мұндай тәжірибелі және бастамашыл спорт қызметкері өзінің кәсіби білімі мен тәжірибесін Қазақстанға пайда әкелудің орнына, түсініксіз интригалар салдарынан республикамыздың аумағынан кетуге мәжбүр болса, олар қатты өкінетінін ашына жазады.Ашық хат авторлары «Елбасының» Жоғарғы Соттың кассациялық сатысымен істің мәні бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін Олег Почиваловтың Қазақстан азаматтығын айыруды тоқтата тұруына ықпал етуін, сондай-ақ істің мән-жайын қайта қарауға ықпал етуін сұрайды және тікелей өз бақылауына алса деген үміттерін. жеткізеді.

Ғалымжан Мелдешов

Комментарий