Жаңалықтар | Новости

«Қызыл» аймақ бойынша мәлімет жаңарды

Қазақстанда тағы бір өңір коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «қызыл» аймақтан шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ВАК-қа сілтеме жасап.

2021 жылғы 3 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды облысы.

«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

Бұған дейін кейінгі тәулікте Қазақстанда 1385 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны хабарланған болатын.

Комментарий