Жаңалықтар | Новости

Квота бойынша жұмысқа орналастырылды

2020 жылы 20 желтоқсанда Тайынша ауданының әкімінің № 432 қаулысына сәйкес 2021 жылға Тайынша аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарға жұмыс тауып беру бойынша квота белгіленген болатын. Тайынша аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталушы С. Тайынша аудандық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп жолдама бойынша ЖШС «ВТВ Тайынша» жұмысшы болып орналастырылды. Сотталған С. Тайынша ауданының әкімдігіне, Тайынша аудандық пробация қызметі бөліміне өз алғысын білдірді.

2021 жылы аудан әкімінің өкімімен пробация қызметінде есепте тұрған адамдар үшін 5 жұмыс орындарына квота бөлінді, 5 ай ішінде Тайынша ауданының ПКБ-да 4 сотталған жұмыс квотасына сәйкес жұмысқа орналастырылды, оның 3-уі бостандықты шектеу болды, 1 шартты үкім. Тайынша ауданы пробация қызметі бөлімі мен жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі аталған еңбек санатын қамту бойынша тиімді шаралар қабылдауда. Жұмыспен қамту — бұл түзетуге бағытталған қадам. Қазіргі уақытта пробация қызметінде 73 сотталған тіркелген, оның 53-і ресми жұмыспен қамтылған, 16-сы өзін-өзі жұмыспен қамтыған, 4-і жұмыссыз.

 

СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Комментарий