Жаңалықтар | Новости

Есептегі ерікті азаматтар балаларға қуаныш сыйлады

1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай,Қызылорда қалалық пробация есебіндегі ерікті азаматтар да балаларға қуаныш сыйлауда. Бүгін есептегі 3 азамат ерікті жастармен бірге ертегі кейіпкерлерінің киімдерін киіп, облыстағы «Қамқорлық» дағдарыс үйіне барып, балаларды қуантты. Ертегі кейіпкерлерін көрген балалар олармен бірге ән салып, би билеп, бірі тақылдап тақпақ оқып, ортаны ән мен күйге бөледі.Қуаныштан жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндерге ойыншықтар да таратылды. Бұл үйде қиын өмірлік жағдайға тап болған 10-ға жуық әйел мен 15бала тұрады.
«Бүгінгі мереке бәрімізге ортақ, себебі бала қуанса, бәріміз қуанамыз.
Балалар аман болсын, денсаулығы мықты болсын! Балалардың жолы ашық болып, ойлаған армандарына жетсін»,- деп есептегі азамат жылы лебізін білдірді.
Өз кезегінде «Қамқорлық» дағдарыс үйінің басшылығы мерекелік көңіл күй сыйлаған ерікті азаматтарға ризашылықтарын білдірді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Комментарий