Без рубрики

Қызылорда тұрғыны WhatsApp желісі  арқылы балағаттағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

Жыл басынан Қызылорда қалалық пробация есебінен 40 адам қоғамдық жұмысқа тартылған.

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация есебінде 11 азамат қоғамдық жұмыстар атқару арқылы жазаларын өтеуде. Солардың бірі, Қызылорда қаласының тұрғыны Т., есімді азамат танысына WhatsApp желісі  арқылы балағат сөздер жазған.  Сот үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің ҚК-нің 131- бабының 2- бөлігімен кінәлі деп танылып, оған  60 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалған. Мамыр айында пробация есебіне алынып, сотталған Т-ға пробация қызметкерлері жаза өтеу тәртібі мен сот жүктеген міндеттерін толық түсіндірді. Қазір бұл азамат жергілікті әкімдік белгілеген қоғамдық орындарда абаттандыру, көшелерді тазалау сынды жұмыстарды атқарып жүр.

 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

 

Комментарий