Жаңалықтар | Новости

Қорғалжын аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі бойынша брифинг өткізілді

2021 жылдың 27 мамыр күні Қорғалжын аудандық сотының төрағасы Д.Темірханов Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі бойынша Қорғалжын аудандық әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Абышев және «Нұр Қорғалжын» аудандық газетінің бас редакторы Б.Шайзадамен сұхбат өткізді.

Брифинг барысында сот төрағасы Д.Темірханов Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде мемлекет пен халық арасындағы дауды шешудің негізі қағидаттары түсіндірілді.

Жаңа кодекстің ерекшеліктері — мемлекеттік органдар мен қарапайым азаматтар арасында дауды жағдайлар жиі туындайды.

Жаңа кодексте осы теңсіздікті жоюға байланысты нақты — Жалпы, мемлекет азаматтардың құқығын қорғауға қолайлы жағдай туғызуға міндетті.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің жедел қабылдануды да сондықтан.

Жаңа заңнамада судьяның белсенділігін арттыруға айрықша ден қойылып отыр.

Енді судьялар шешімді мемлекеттік органдар мен жеке азаматтардың әкелген дәлел — дәйектеріне ғана сүйеніп шығармайды.

Судья қажет деп тапса, істі нақтылауға көмектесетін дәлел, құжаттарды сұратуға құқылы.

Егер сот дәйектер толық емес деген жағдайда өз бастамасын оларды жинатуға да мүдделі. Ең бастысы, ендігі жерде мемлекеттік мекемелер өз істерінің дұрыстығын өздері дәлелдеуі керек. Ал, азаматтар мұндай әурешіліктен босатылады.

Іс-шара соңында қойылған сұрақтарға толықтай жауаптар берілді.

 

Б.Изахметов

Қорғалжын аудандық

сотының кеңсе меңгерушісі

Комментарий