Жаңалықтар | Новости

Қазалыда пробация есебіндегі жасөспірім өз орнына қарындасын тынығу лагеріне жіберді

Қазалы аудандық пробация қызметі пробация есебіндегі азаматтарға қайырымдылық көмек түрін жиі ұйымдастырады. Бұл жолғы көмек  есептегі жасөспірімге Қазалы ауданы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган органның көмегімен көрсетілді.

Ол «Денсаулыққа қасақан ауыр зиян келтіру» бабымен істі болып, 1 жыл шартты түрде сотталып, жақында аудандық пробация есебіне алынған.  Оның тұрмыс жағдайын зерделеген пробация қызметкерлері  жағдайының  төмен екендігін  анықтап, әлеуметтік көмек түрін көрсеткен.

«Шалыс басқан қадамым, орны толмай өкінішке алып келетінін енді түсініп жатырмын. Пробация қызметкерлерінің жүргізген профилактикалық жұмыстары арқасында өмірге көзқарасым өзгерді. Енді түзелу жолына түсіп, өзімнен кейінгі іні-қарындастарыма үлгі болғым келеді. Пробация қызметкерлері консультативті-кеңесші органның ықпал етуімен  маған жазғы тынығу лагеріне жолдама берілетінін айтқан.  Менің орныма өзімнен кейінгі қарындасым барса екен деген өтінішімді жеткіздім. Қарындасыма «1маусым –Балаларды қорғау күніне» сыйлық жасағым келді. Менің өтінішімді мақұл көріп, қарындасыма  Қазалы қаласындағы «Шағала»жазғы тынығу лагеріне баруға жолдама берілді. Менің жағдайыма бей-жай қарамай, үнемі көмек қолын созатын Қазалы аудандық пробация қызметкерлеріне алғысым шексіз»,- деді есептегі жасөспірім.

«Аудандық пробация есебінде 60 азамат есепте тұрса, оның ішінде  кәмелет жасқа толмаған 1 жасөспірім бар. Есептегі азаматтардың тұрмыс жағдайын зерделеп, жергілікті органдардың көмегімен тиісті көмек түрлерін көрсетеміз. Сотталған азаматтарға аңдамай басқан қадамының соңы жаза екендігін түсіндіріп, қайта қылмыс жасамауының алдын алу бағытында жұмыстар жүргіземіз» ,- деді аудандық пробация қызметінің бастығы Е.Сражатов.

 

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

 

Комментарий