Жаңалықтар | Новости

Ақтөбеде қоныс колониясының қызметкерлері мереке күні балаларға балмұздақ таратты

1 – маусым Халықаралық балаларды қорғау күнінде Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/3 мекемесі, мекеме қызметкерлерінің қолдауымен «Тәтті балмұздақ» іс- шарасын ұйымдастырып, жақын аумақтағы тұрғын үй жатақханасының ауласында ойнап жүрген балаларға балмұздақтар таратты.

«Іс- шараның мақсаты – мерекеде балаларға көтеріңкі көңіл- күй сыйлап, оларды қуанту. Яғни, балалар үшін осы атаулы күннің ерекше қуанышқа толы өтуіне атсалысу.
Жалпы, балалар біздің – болашағымыз деп айтамыз. Ендеше, әр сәбидің қуанышты күлкісі біз үшін маңызды. Сондықтан, мекеме қызметкерлерінің қолдауымен мекеме әкімшілігі жыл сайын балалар мерекесінде осындай ауызбіршілікпен балаларға арналған түрлі қызықты іс- шаралар ұйымдастырып, тәттілер таратуды дәстүрге айналдырып келеді»,- дейді КА-168/3 мекемесінің кадр саясаты тобының аға инспекторы Ұлжан Умарова.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі,
Фото: Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД

Комментарий