Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда “қызыл” аймақтар бойынша мәлімет жаңарды

Қазақстанда үш өңір эпидемиологиялық жағдай бойынша “қызыл” аймақта тұр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы мынадай:

“Қызыл” аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды облыстары.

“Сары” аймақта: Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

“Жасыл” аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.

Еске салайық, кеше, 1 маусымда Алматы “сары” аймаққа өтті.

Комментарий