Жаңалықтар | Новости

Батыс гарнизондарында әскери балалар үшін тамаша мереке ұйымдастырылды

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері Халықаралық балаларды қорғау күні бүлдіршіндерге ойындармен, билермен және тәттілердің таратылуын ұйымдастырып атап өтті.

Балаларды қорғау күні қарсаңында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері әскери қызметкерлердің балаларының қатысуымен іс-шаралар өткізді.
Атырау, Ақтау және Ақтөбе қалаларында балалардың өлең оқу және сурет салуға арналған конкурстар өткізілді. Балалар ата-аналарымен бірге билерге және интерактивті анимациялық бағдарламаларға қатысты. Олар үшін велосипедпен серуендеу ұйымдастырылып, «Әкем, анам және мен» спорттық эстафетасы және асфальтта сурет салу сайысы өткізілді.
— Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – отбасылардағы ұйымшылдық пен патриоттық сезімді дамыту. Балалар біздің болашағымыз, сондықтан оларға қамқорлық жасап, олардың өмірін мүмкіндігінше жақсарту әрбіріміздің мақсатымыз. Бүгін біз Қорғаныс министрлігі басшылығының арқасында осындай мерекелік іс-шараларды тұрақты түрде өткізе алу мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Әскери қызметшілердің балалары үшін әр түрлі конкурстар үнемі өткізіліп тұрады, әскери бөлімдерде олардың бос уақыттарын пайдалы қткізу үшін әскери-патриоттық клубтар мен түрлі секциялар ұйымдастырылған, — дейді әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру қызметінің бастығы Эльвира Акинбаева.
Бұл күні әскери бөлімге биыл оқуын аяқтаған ересек балалар да шақырылды. Бөлім командирлері оларды жеке құрамның алдында мектепті бітіруімен құттықтап, ақ баталарын берді.
Кішкентай балаларға арналған шара балмұздақ пен түрлі дәмді тәттілерді таратумен аяқталды.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

Комментарий