Жаңалықтар | Новости

Қазақстанға барлық мектепті ашуға кеңес берілді

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Артур ван Дизен елімізде жаңа оқу жылында барлық мектепті ашуға кеңес берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“ЮНИСЕФ санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, жаңа оқу жылында барлық мектепті ашуды ұсынады. Мектептер соңғы кезекте жабылып, бірінші кезекте ашылуы тиіс”, – деді Артур ван Дизен.

Оның айтуынша, пандемия кезінде мектептердің жабылуына байланысты әлемде әрбір үшінші оқушы немесе 463 миллион бала қашықтан білім ала алмады. Оның ішінде қазақстандық балалар да бар.

“Білім министрлігі бұл салдарды оңтайландыру үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет екенін мойындайды. ЮНИСЕФ Қазақстан білім берудегі шығындарды анықтау үшін мониторинг жүргізуді ұсынады. Оның нәтижесі бойынша жеке тәсіл негізінде оқушылардың білімін жетілдіру бағдарламаларын қалыптастыру және тестілеу ұсынылады. ЮНИСЕФ ондай бағдарламаны әзірлеуге көмек көрсетуге дайын”, – деді ол.

Комментарий