Жаңалықтар | НовостиҚұқық | Право

Сотталған азаматтар балаларын мерекемен құттықтады

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінде  сотталған азаматтар  балаларын бейнебайланыс арқылы  мерекемен құттықтады.  Мекеменің тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген шараға 10-нан астам сотталған өтініш білдірген. Олардың бірінің баласы 11 сыныпты аяқтап, үлкен өмірге қадам басып жатса, бірінің інісі мектепті үздік бітіріп жатыр.

Балаларымен  байланысқа шыққан  сотталған азаматтың 5 баласы бар екен. Оның отбасы Түркістан қаласында тұрады.   Үлкені биыл  мектеп бітіріп жатыр екен. Кезек –кезек балаларымен сөйлескен әке көзіне жас алып, балаларына денсаулық тіліп, аналарыңды тындаңдар деп, қуанышты күнде жандарында бола алмағына іштей өкінішін білдіріп жатты. Ол жол-көлік оқиғасын жасап, 2020 жылдан бері осы мекемеде жазасын өтеуде.  Балаларым –менің бақытым, болашағым . «Бала көңілдің гүлі, көздің нұры» – деген жақсы сөз бар қазақта. Аман-есен жазамды өтеп шықсам, балаларыма жақсы тәрбие беремін»- деді сотталған азамат.

«Сотталған азаматтардың отбасыларымен байланыстарын үзбеу мақсатында өз өтініштері бойынша бейнебайланыс арқылы жиі балаларымен, ата-аналарымен сөйлеседі. Адамның түзелу жолына түсуі, қоғамға толыққанды адам ретінде қайтарылуы олармен жүргізілген тәрбие жұмыстарынынң пәнменділігінде. Сондықтан да жазасын өтеушілермен жүргізілетін тәрбие жұмыстарына айрықша назар аударамыз»,-деді мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Қ.Дайрабаев.

 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Комментарий