Жаңалықтар | Новости

Жеке құрам тілсіз жауды сөндіру  бойынша оқып жаттықты.

Адамның  өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін өртті халықта, тілсіз жау деп бекер айтпайды. Көп жағдайдайларда  өрт табан асты туындайды. Міне,  осындай төтенше жағдайлар орын алған кезде,мекеме аумағында,  жалаңдаған жалынға тойтарыс беру мақсатында, ҚАЖ департаменті  ЗК-169/1 мекемесінде «Өрт болған жағдайларда атқарылатын іс-қимылдар» тақырыбында   оқу-жаттығу өткізілді.

Бұл іс-шара мекеменің  РжКБ –нің  2021жылғы 2-тоқсанына арналған  бекітілген жоспарына сәйкес ұйымдастырылған болатын.

Жаттығу барысында алдымен, ВӨҚ инспекторы М.Сауранбай  жеке құрамға  жаттығу өткізу туралы бұйрықты таныстырып өтті.  Содан соң,  жеке құрам арнайы және қажеттілікке қарай  алғашқы өрт сөндіру құралдарымен  жабдықталды. Осы аралықта,  сағат 15:30 шамасында мекеменің шаруашылық бөліміндегі  автокөлік тұрағынан өрт шығуына орай, №1 БӨБ автоматты өрт дабыл қондырғысынан дабыл сигналы берілді .

Бекет бақылаушысы уақытында, мекеме бастығының кезекші көмекшісі әділет аға лейтенанты А.Батырбеккке баяндады. Мекеменің кезекші көмекшісі қалалық өрт сөндіру бөліміне хабарлады.

Жаттығу өткізуге  жеке құрамның күндізгі тобынан  құралған ерікті өрт сөндіру жасағы мен  медицина қызметкерлері қатыстырылды.

Жасақталған құрам уақытында жиналып,тиісті тапсырмаларын алды.  Шұғыл түрде іске кіріскен ерікті өрт жасағы қолдарында бар арнайы құралдармен алғашқы  өрт сөндіру шараларын іске асырды. Бақылау өткізу бекетінде қосымша бақылаушылар қызметке қосылды және қызметті күшейтілген кестеге сәйкес қызмет атқарылды. Төтенше жағдай кезіндегі сақтық шаралар да қарастырылды. Түтінен иістенген 1 ерікті жалдамалыға  алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Байланыс құралдарының да қызметі сыналды. Жаттығу барысында барлық телефон, рация байланыстары мінсіз жұмыс жасады. № 2 Қалалық Өрт сөндіру экипажы толықтай орын алған өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді.

Оқу-жаттығу өткізілуі кезеңіндегі мекеменің жеке құрамының іс-әрекетіне қорытындылау жүргізген №2 мамандырылған өрт сөндіру мекемесінің бастығы майор Ә.Дүйсенбеков, пен ЗК-169/1 мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әділет майоры Қ. Олжабаев оң бағасын берді.

Осылайша, аз уақыт ішінде, төтеннен болған тілсіз жауды құрықтап үйренген тергеу изоляторы қызметкерлеріне өткізілген оқу- жаттығу жұмысы,   өрт болған жағдайдағы жеке құрамның жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.

 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Комментарий