Жаңалықтар | Новости

Қарағанды облысы бойынша АК-159/7 мекемесінде «Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» бойынша іс-шара ұйымдастырылды!

Өткен ғасырдың тарихына көз жүгіртер болсақ қаншама жазықсыз төгілген көз жас пен аққан қан ұлт есінде мәңгілікке қалады. Халық қамын жеген саяси қайраткерлер, ұлт зиялылары, автономиялық республика құрушыларды бір сөзбен айтқанда ұлт қаймағынан сескенген Кеңес өкіметі И.В.Сталиннің «Троцкийшілдер және басқа да екіжүзділерді құрту бойынша партиялық жұмыстардың жетіспеушіліктері» атты баяндамасы негізге алына отырып жаппай қудалау саясаты басталды. Бұл тарихта «ұлт болашағын тамырымен жою» деген атпен қалды. Алайда, бұл қасіретке толы кезеңдерді де артқа қалдырып, елдің мысын басқанымен рухын сындыра алмаған қазақ елі тәуелсіз күнге аяқ басқалы 30 жыл.

Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы сәуірдің 14-інде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. 1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығы бойынша, 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.

Осы негізде, саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу мақсатында ҚАЖ Департаментінің Қарағанды облысы бойынша АК-159/7 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде теологиялық оңалту жұмысы бойынша инспекторларының ұйымдастыруымен 2020 жылы жарық көрген режиссер Марина Құнарованың «Ұлы дала зары» филмі сотталған азаматтар назарына ұсынылды. 1920–1930 жылғы Қазақстандағы ашаршылық тақырыбына арналған фильм «Алтын глобус» премиясында «Шет тіліндегі үздік фильм» қатарына енген және әлемдік «Оскар» сыйлығына үміткерлердің тізімінде. Ашаршылықтың ащы бейнесі, елдің мұңы мен азалы үні айқын сомдалған қазақ тарихындағы алғашқы фильм. Көрсетілім барысында Қарағанды облысы мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен бекітілген санитарлық нормалары толық деңгейде сақталды.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының ұлт болашағы үшін жанкештілік танытқандығы және қасіретті күндерді бастан кешіргендігі туралы қосымша баяндама жасалды.

Аталған іс-шараның басты мақсаты — тарих беттерінен ешқашан өшпейтін, ұлты үшін құрбан болған ата-бабаларымызды еске алу және ұлт бойына патриоттық, отан сүйгіштік қасиеттерін дарыту.

Осынау қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтау, өткенге салауат етіп, ақиқатқа тереңірек мән беріп, ұғыну – бүгінгі ұрпақ парызы!

Комментарий