Жаңалықтар | Новости

Жапонияда халықты денсаулығына қарамастан вакциналау басталады

Жапония билігі коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинация бағдарламасын іске қосты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Japan Times газетіне сілтеме жасап.

Осылайша ел билігі адамдардың денсаулық жағдайына қарамастан, халықтың барлық тобын вакциналау туралы шешім қабылдады. Бұл бастаманы Жапонияның денсаулық сақтау министрі Норихиса Тамура ұсынды. Оның айтуынша, ауруы бар адамдарды вакциналау қашан аяқталатыны әлі белгісіз болғандықтан, денсаулығына байланысты проблемалары жоқ адамдарға вакцина алуға рұқсат беру керек.

Министр мұндай мәлімдемені жергілікті билік органдарына телебағдарламаға берген сұқбатында жолдады. Сонымен қатар, Тамура Үкімет жұмыс орындарында вакцинация жүргізу үшін америкалық Moderna компаниясының вакцинасын қолдануды қарастырып жатқанын айтты.

Халықты вакциналауға жауапты министрі Таро Коно егде жастағы тұрғындар басымдыққа ие болса да, муниципалитеттерге халықтың басқа топтары үшін вакцинацияны қалай жүргізу керегін шешуге еркіндік берілетінін айтты.

«Егер муниципалитет басшылары шілденің соңына қарай егде жастағы адамдарға вакцина салуды аяқтайтынын айтса, олар өздерінің басым бағытын құра алады», — деді Коно.

Мысал ретінде министр Фукуока қаласын келтірді, онда мұндай бастамалар жүзеге асырылып жатыр. Жақында мэр Соитиро Такашиманың мәлімдемесінен кейін, қала COVID-19 инфекциясының алдын алу мақсатында қарт адамдарға екпе жасай бастады.

Қала әлі күнге дейін орталық үкіметтің өтініші бойынша егде жастағы тұрғындарды вакциналауға басымдық береді. Бірақ қазір онда жұмыс істейтін жаппай вакцинация пункті басқа топтарды қамту үшін жұмыс уақытын ұзартқан.

Бұған дейін хабарланған мәлімет бойынша, Жапонияда ерікті вакцинация жүргізу кезінде қайтыс болған жағдайда 44 миллион иен (173 миллион теңге) мөлшерінде сақтандыру төлемі көзделген.

Комментарий