Жаңалықтар | Новости

«Қызыл» аймақ бойынша мәлімет жаңарды

Қазақстанда төрт өңір эпидемиологиялық жағдайы бойынша «қызыл» аймақта тұр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

31 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы мынадай:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды облыстары.

«Сары» аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.

Комментарий