Жаңалықтар | Новости

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

“Қазгидромет” синоптиктері 29-31 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, апта соңында Атлант мұхитының аудандарынан антициклон елдің көп бөлігіне әсер етеді, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады.

“30 мамырдан бастап Жаңа жер аймақтарынан келген циклон оңтүстік циклонмен бірігіп, ауа райы тұрақсыз болады. Күн күркіреп, жаңбыр жауады. Батыста, солтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін. Тек оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, жел күшейіп, шаңды дауыл болады”, – делінген хабарламада.

Комментарий