Жаңалықтар | Новости

Қызылордада ҚАЖ департаменті бастығы сәбилер үйіне барды

1 маусым-Балаларды қорғау күніне орай, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы әділет подполковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы сәбилер үйіне барды.  Департамент ұжымы қызметтік міндеттерінің қиындығы мен қауырттығына қарамастан, мереке сайын сәбилерге қуаныш сыйлап, түрлі сыйлықтар тарту етіп, осындай  ізгі амал жасауды дәстүрге айналдырған.

Бүгінде жүз жылдық тарихы бар облыстық мамандандырылған сәбилер үйінде жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және ақыл-ойының дамуында ақаулықтар кездесетін 1-4 жас аралығындағы  60-қа жуық балалар тәрбиеленуде.

«Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады»  дейді  дана халқымыз.  Балалар- біздің болашағымыз, сондықтан оларды қолдауымыз керек. Бүгінгі бүлдіршіндер- еліміздің ертеңі мен болашағы. Келер күннің айнасы. Оларды қуанышқа бөлеу- біздің парызымыз. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ұжымы дәстүрлі түрде мереке сайын  балаларға қуаныш сыйлаймыз. Бүгін де сәбилерімізге ең қажетті ойыншықтар тарту еттік»,-деді департамент бастығы Ш.Есенкелдиев.

Облыстық мамандандырылған сәбилер үйінің бас дәрігері Гүлсім Естайқызы департамент бастығы Шаймерден Тәжіқұлұлына және ұжым қызметкерлеріне  сый-сияпаттары үшін алғысын білдірді

 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Комментарий