Аймақ | Регион

ПРОБАЦИЯ КАБИНЕТІ

Ағымдағы жылдың 27мамыр күні сағат 15:00 де « Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдаламалар бөлімі» ММ- нің ғимаратында аудан әкімінің орыбасарымен бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес сотталған және түрме мекемесінен босатылған тұлғаларға әлеуметтік құқықтық көмек көрсету мақсатында «Пробация кабинеті» өткізілді.
Пробация кабинетінің ең басты мақсаты – бұрын жаза басып, сотты болған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, қоғам өміріне бейімдеу, қайта қалыптастыру болып табылады. Пробация кабинетіне қатысқан мамандар, пробация қызметкерлерінен бөлек, халықты жұмыспен қамту орталығын, білім бөлімі, көші-қон полициясы, десаулық сақтау мекемелері, аудандық тұрғын-үй және коммуналды шаруашылық жолаушы тасымалдау көлігі және автокөлік жолдар бөлімі, психолог мамандары сотталған азаматтардың мазалап жүрген сұрақтарына жауап беріп, түсіндіру жұмыстар жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданды.

#ШҚОбойыншаҚАЖД
#ДУИСпоВКО
#ПробацияВКО
#КабинетПробации

Комментарий