Аймақ | Регион

ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ

1.Пробация қызметі:
– сотталғандарды есепке алуды жүргiзедi;
– оларға жазаны өтеу, сондай-ақ жазаның өтелуін бақылау тәртiбi мен шарттарын түсiндiредi;
– жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстардың орындалуын бақылайды;
– сотталған адаммен айына бір рет профилактикалық әңгімелесу жүргізеді;
– жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынып жүрген сотталған адамға қатысты бастапқы iздестiру iс-шараларын жүзеге асырады және сотқа iздестіруді жариялау туралы ұсыну енгiзедi.
2. Анықтама-жолдаманы және сот үкімінің көшірмесін алған кезде жергілікті атқарушы орган:
– пробация қызметін сот үкімін алғаны және оны орындауға қабылдағаны туралы дереу хабардар етуге;
– жұмыс істелген уақытты есепке алу табелін жүргізуге, орындалған жұмыстардың актісін жасауға және оларды ағымдағы айдың соңғы күнінен кешіктірмей пробация қызметіне жіберуге;
– пробация қызметін сотталған адамның жазаны өтеуден жалтаруы туралы хабардар етуге міндетті.
3. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза мерзімі сағатпен есептеледі, сол уақыт ішінде сотталған адам қоғамдық жұмыстарды орындайды.
4. Қоғамдық жұмыстар сотталған адамды оларды орындау кезінде негізгі жұмыс орны бойынша еңбек міндеттерінен босата отырып не оқудан бос уақытта күніне төрт сағаттан аспайтын шамада орындалады.🖋

Комментарий